Bugin
Фото: freepik.com
Заманбек Нұрқаділовтың алғашқы жары Нұрбике Нұрқаділова көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы қаза туралы марқұмның қызы Құралай Нұрқаділова айтты.
“Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға өмірден өтті. Ол – Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасу жылдарында серігі болған әйел. Саясатта ақылды, білімді және сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Сонымен қатар, өте қарапайым және зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады”, – деп жазды Құралай Нұрқаділова.