Bugin
Фото: freepik.com
Шығыс Қазақстанда ауа райы салдарынан оқушылар онлайн оқып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыс аумағында өткен түннен бері қар аралас жаңбыр жауып тұр.Сондықтан Күршім ауданына қарасты Қойтас ауылындағы және Глубокое ауданындағы мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр. Өскеменнің ең шеткі шағын ауданындағы 49-мектептің бастауыш сынып оқушылары да сабақты үйден оқиды.
“Қазгидромет” орталығы аймақта алдағы 2-3 тәулікте қолайсыз ауа райы сақталатынын хабарлады.