Bugin
Фото: freepik.com
Синоптиктер 23-25 қараша аралығындағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазгидромет" РМК баспасөз Мамандардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Сібір антициклоны әсер етеді. Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, жел күшеюі мүмкін, таулы аймақтарда көктайғақ болады деп болжанды.
Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі.