Bugin
Фото: Evento
Абай облысы Үржар ауылындағы мектеп аумағында қазандықта жарылып, бір жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәліметтерге сүйенсек, апатқа жылу жүйесіндегі айналымның бұзылып, қазандықтағы қысымның көтерілуі себеп болған. Жарылыс салдарынан қазандықтың шатыры 18 шаршы метр алаңда жарты бөлігі опырылды. 1970 жылғы жұмысшы 2-3-дәрежелі күйік алды.
"Зардап шеккен адам аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды, қазір жағдайы тұрақты. 943 оқушы мен 117 мұғалімнің білім беру процесі тоқтатылған жоқ. Резервтік қазандықтың арқасында мектеп ғимаратына жылу беріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Демалыс күндері мектепте жаңа қазандық орнатылатын болды.