Bugin
Фото: freepik.com
Ақтөбе қалалық прокуратурасымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тексеру барысында 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек 500 адамның баспанаға мұқтаждар ретінде тіркелмегендігін анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Заңға сәйкес, жеке баспанасы жоқ мүгедектер кейіннен әлеуметтік баспана алуды немесе өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мемлекеттік қолдау алуды қажет ететіндердің тізімінде болуға құқылы.
“Сонымен қатар Конституция күніне орай 39 мүгедекке 1 950 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетпеу, сондай-ақ 17 азаматқа 850 000 теңге көлемінде бір реттік төлем төлемеу фактілері анықталды. Сондай-ақ, 1-топтағы мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасын әзірлемеу және 200 ЖОБ-сын іске асырмаудың 152 деректері анықталды”, - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта мүгедектердің құқықтары қалпына келтіріліп, олар баспана есебіне алынып, барлық қажетті төлемдер өтелді.