Bugin

Ақтөбеде көз жұмған сарбаздың анасы өтініш айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Кеше, 24 қараша күні Ақтөбе гарнизонында мерзімді қызметкер өзіне оқ атып, көз жұмған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Марқұмның анасы Ирина Боровец видеоүндеу жолдады. Ол ұлының көз жұмуына “өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген” деген нұсқаны таратпауды сұрады.

"Менің ұлым сәуірден бері Ақтөбеде әскери борышын өтеді. Кеше қайғылы жағдай болды. Қызметін жақсы істеп жатқан. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық болған жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы еді. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенемін", - деді Ирина Боровец.
 

Марқұмның анасы сот-медициналық сараптама алдында ұлын көргенін, ұрған іздер байқамағанын айтты.