Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Инстаграм @serik_sapiyev
Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралып, Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның кандидатурасын Туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы мақұлдады.
41 жастағы Серік Сәпиев - экс-кәсіпқой боксшы. 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, одан кейін екі жыл Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетін басқарды. Кейінгі уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды.