Bugin
Фото: freepik.com
Жетісулықтар интернет-алаяқтарға алданып, 516 миллион теңгеден астам шығынға батқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жетісу облысында полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы алаңдатарлық деректерді жария етті.
“Биылғы жылдың өзінде интернет-алаяқтардың әрекетінен келген жалпы материалдық шығын 516 миллион теңгеден асып отыр. Қылмыскерлер азаматтарды алдаудың сан қилы айла-тәсілдерін жетілдіруді жалғастыруда, бұл ретте олардың құрбандарының қатары күн санап көбейіп келеді. Әсіресе шетелден әрекет ететін алаяқтар ерекше қауіп төндіреді, себебі олардың басқа мемлекеттерде орналасуы құқық қорғау органдарының оларды анықтап, жауапқа тартуын күрделендіреді”, - дейді полиция.
Ең көп таралған алаяқтық әдістерінің қатарында жалған интернет-дүкендер, жеңіл табысқа шақыратын ұсыныстар, фишингтік сайттар мен “банк қызметкерлерінің” атын жамылып жасалатын қоңыраулар бар.