Bugin
Фото: freepik.com
Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде радикалды діни идеологияны ұстанған 10 адам анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл операцияға Ішкі істер министрлігі қатысып, үйлестіру жұмыстарын Алматы облысы прокуратурасы жүргізген.
“Алдын ала мәліметтерге сәйкес, айыпталушылардың бірі қамауда отырып, террорлық актіні ұйымдастыруға дайындалған. Қалғандары экстремизмді насихаттап, лаңкестік әрекеттерді іске асыру үшін жаңа жақтастар іздеумен айналысқан", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Тергеу барысында күдіктілердің бірі экстремизм үшін сотталғаны белгілі болды. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық секілді қылмыстары үшін жазаларын өтеп жатқан.