Bugin
Фото: freepik.com
Павлодарда болған жантүршігерлік жол апатынан кәмелет жасына толмаған қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға салдарынан тағы екі жасөспірім түрлі жарақат алған. Оның бірі жансақтау бөлімшесінде жатыр.
Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова хабарлады.
"Түнгі уақытта Назарбаев даңғылында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, 16 жастағы жолаушы қыз бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі кәмелет жасына толмаған жасөспірім зардап шеккен. Оның бірі — 15 жасар қыз бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Ал 14 жасар ер бала өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттармен емдеу ұйымына жеткізілді", - деп мәлімдеді С. Шәкенова.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.