Bugin

19 жастағы жігіт қызбен хат алмасам деп сотталып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Биыл қыркүйек айында соғысқа қарсы ресейлік белсенді, 19 жастағы Павел Владимировтің Қазақстанда ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Белсенді Ресейден тамыз айында кеткен, оған террористік ұйым жұмысын ұйымдастырды деген айып тағылған. 

Бұған украиналық Ольга есімді қызбен хат алмасуы себеп болса керек. 

Сибирь.Реалии сайтына берген сұхбатында Ольга екеуара хаттарында саясат туралы сөз болмағанын, Павел туып-өскен Воронеж қаласынан Ольгамен кездесу үшін ғана кетпек болғанын айтты.

Ресейде қалған туыстарының айтуынша, Павел Владимиров билік оны неліктен терроризмге қатысты айыптап отырғанын өзі де білмейді. Толығырақ түсініктеме беруден туыстары да бас тартып отыр.