Bugin

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Сауран ауданы әкімдігінде аквапарк салу жобасын жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен жоба авторы Надир Абдусаттаров  осындай келісімге қол жеткізді.  Тараптар арасында белгілі бір міндеттемелер мен жауапкершіліктерді айқындап, жобаның табысты жүзеге асырылуына алғашқа қадамдар жасалды.

Аквапарк салу жобасы ауданның экономикасына оң әсерін тигізіп, жергілікті тұрғындардың демалу мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар, туристік ағынды арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Әкімдіктің қолдауы жобаның іске асырылуында маңызды рөл атқарады.

Меморандумға қол қою барысында құрылыс жұмыстарының уақыты, қаржыландыру көздері және басқа да маңызды мәселелері талқыланды. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан да маңызды жоба құны  – 1,5 млрд. теңге.