Bugin

ТҮРКІСТАН: 12 ЖАСТАҒЫ КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ SMART САРҚЫРАМАНЫҢ МОДЕЛІН ҚҰРАСТЫРДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Келес ауданында орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Әділбек Думан келешекте ақылды үйлерге арналған smart сарқыраманың моделін құрастырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның ерекшелігі – адамдарға бос уақытында судың дыбысынан, табиғаттың көрінісінен, салқын ауада психологиялық тұрғыда демалуына жағдай жасау дейді, - оқушының ғылыми жетекшісі Шамсияат Алтаева.

 – Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат ғылымдарын терең меңгергенде ғана біз өзіміздің айналамызды толық зерттеп білеміз. Жалпы ғылымда «дыбыс толқындары» деген ұғым бар. Судың дыбысы егер шамадан тыс аспаса, адам денсаулығына пайдасы бар екендігі медицинада дәлелденген. Сондықтан шәкіртім Думанның, үйлерге сарқырама қою идеясы қай тұрғыдан алып қарасақ та тиімді әрі пайдалы болмақ, – дейді мектеп мұғалімі. 

Думан жас кезінен ізденімпаз, талапшыл. Жас ғалым жақында ғана өткен «Зерде» оқушылардың ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанды.