Weekend

Қазіргі жастардың өмірлік ұстанымы қандай?

Жастар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

XXI ғасыр – құбылмалы бүгінгі күніміз бен беймәлім болашаққа бастап келе жатқан кезең. Технологияға айырықша маңыз беріліп отырған  бүгінгі заманның жастарының  өмірлік ұстанымы қандай болуы керек? Адам өзі өмір сүріп отырған қоғамның талаптарына тәуелді. Олай болса, зымыран заманның жастарының көзқарасы алдыңғы ұрпақтың ойымен қаншалықты қабысады? Кеңестік идеология билеген дәуір жастарының ұстанымымен салыстырып, ұқсастық  іздеу  артық деп ойлаймын.  

Бүгінгі  жастар жаңалықты игеруге  өте бейім. Олар жаңа нәрсені сынап көруден қорықпайды, өзіне не керегін біледі. Ақпаратты тез қабылдап, тез қорытыды. Алайда, бір маңызды мәселе бар. Ол – өзімшілдік. Түрлі ғылымды игеріп, тіл үйреніп, өзінің болашағын баянды етуге тырысып  жүргенде, бүгінгі жастар  өзінің айналасындағы жақын  адамдарды ұмыт қалдыратын секілді. Біз кейде бойымызда  жанашырлық сезім азайып, өзімшіл адамға айналып бара жатқанымызды мойындағымыз келмейді. Мұның өзегі қайда жатыр? Жасөспірім мен жеткіншек баланың таза жүрегі мен тұнық санасын әр түрлі құралдар арқылы өзгерту тым оңай. Көгілдір экранның құдіреті неге тұрады? Жас адам алатын  «азықтың»  бәрі пайдалы деп айту қиын. Материалдық байлық пен биліктің арбауына түсіп, шырмалып қалу  мүмкіндігі мол. «Бүкіл азаматтың келешегі – жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты» деген Ғ.Мүсірепов сөзі дәл бүгінгі күн үшін, біз үшін айтылған секілді. Біздің, жастардың идеалы не? Менің ойымша, адамзат баласы үшін идеал ортақ. Ол – адамдықтан айнымау.

Қай заманда да  адамзат білім алудан жалыққан емес. Алайда, мықты білім тек ақылды ғана емес, жүректі де шынықтырып отырғаны жөн. Озық технология адамның қара жұмысын жеңілдетіп, еңбек өнімділігін арттырады. Алайда,  ешбір техника адам  жанының қуатын алмастыра алмайды.

Мен кейде өзіме сұрақ қоямын. Құбылмалы заман  мені  де  игеріп алып бара жатқан жоқ па? Білімді болу- менің де негізгі мақсатым. Білім мен адамдықты қатар алып жүре алар ма екенмін? Соңғы кезде айналамдағы адамдарға, олардың қуанышы мен қайғысына жиі мән беретін болдым.  Өз-өзіме қарапайым азамат ретінде елім үшін  қолымнан келген үлесімді аямаспын деп сөз бердім.