Weekend
"Сұңқардай күшті, қырандай қырағы, Біз боламыз тәуелсіз елдің ұланы"
«Сұңқардай күшті, қырандай қырағы,
Біз боламыз тәуелсіз елдің ұланы»,- деп «Жас Ұлан» ұйымының бүлдіршіндері ұрандатып келеді. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы 2011 жылы тікелей елбасының қолдауымен, нұсқауымен қоғамдық ұйым болып құрылды. Алғаш қатарына қосылған мектеп оқушылары бүгінде жалындаған жастық шағын өткеруде. Жастайынан ар-намыс кодексін санасына сіңіріп, еңселі еліміздің болашағы үшін аянбай тер төгуге ант берген мектеп оқушылары қазір білімді де білікті ел жастары.
«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Бастапқыда «Жас Ұлан» ұйымы арқылы мектеп оқушыларын қоғамдық жұмыстарға тартып, сапалы білім беріп, кейін араға бірнеше жыл салып жастар жылын жариялауы әрине сәйкестік емес. Ол – елбасымыздың көрегенділігі, салиқалы саясаты.
Жастар саясатын іске асыру мақсатында 2019-2020 жылға арналған жол картасы әзірленген. 2016-2018 жылдары аралығында ел жастарына бөлінген қаржы жоспарды іске асыру мақсатында емес, саны шексіз жиналыстар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру барысында игерілгені байқалды. 2016 жылы 530,3 млн теңге бөлінсе, 2018 жылы 387,7 млн теңге бөлінген. Облыстар арасынан жастар саясатын қаржыландыруда көш бастап тұрған Жамбыл облысы(653 мың теңге), жан басына шаққандағы көрсеткішпен (4,1 мың теңге) Қаржының айырмасы көп, дегенмен де атқарылған жұмыстардың айырмашылығы да, асқан нәтижесі де жоқ. Бірқалыпты жағдай қалыптасқан. Жаңа жоспарда бұл олқылықтарды жөндеу, қаржыны дұрыс пайдалану.
Жастар үшін үкіметтік жастарға арналған қоғамдық және т.б ұйымдардың қатарын көбейтіп, үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету. 2018 жылғы есеп бойынша елімізде 866 үкіметтік емес жастар ұйымдары тіркелген. Басым көпшілігі яғни 89 БҚО тиесілі. «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласында қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдар саны 528. Әрекеттегі жастар ресурстық орталықтарының саны 210. 2018 жыл бойы жастарға арналған 9909 шара ұйымдастырылып, 631 147 жастың басын біріктірген. 2018 жылы жастарға қызмет көрсету орталықтары жастардың 16,2% жұмыспен қамтыған. Дәл осы жылы жастарға арналған ресурстық үйымдардан кеңес алып 4217 адам тұрақты жұмысқа тұрған. Жастардың бастамасымен бой көтерген 705 өзін-өзі басқару орындары тіркелген. Жастар арасында қанатын кең жайған ұйымдардың бірі әрі бірегейі «Жас Отан» жастар қанаты. Жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша, жастардың басым көпшілігі тек аталған ұйымымен ғана таныс, жүргізіп жатқан жұмыстарымен хабардар.
Жастар жылында осыған дейінгі жасалған жұмыстар нәтижесі екі еселенуі тиіс. Атқарылатын істер санына емес сапасына негізделетін болады. Білімді жастар барда, еліміздің еңсесі түспек емес. Жастар жұмылған жұдырықтай ел ісіне араласа нұр үстіне нұр болмақ. Себебі болашақ – жастар қолында.