Bugin

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БОЙ КӨТЕРЕТІН СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістанда бүгінде көптеген ғимараттар бой көтеріп, қала көркін аша түсті. Осыған сәйкес құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткізілген мәжілісте сәулеттік жобалар таныстырылды. Өңір басшысы жаңа жобалардың барлығын өзінің бақылауында ұстайтынын жеткізді. Сонымен қатар әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс деді. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде, сонымен қатар алдағы уақытта салынатын нысандардың қасбеттері мен қоршауларына және бояу түсіне баса мән беруді, бірізді етуді тапсырды.

Жиын барысында бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Оның қатарында Әкімшілік-іскерлік аумағынан медициналық орталық, Әлқожа ата көшесінен нысандар салу туралы ұсыныс беріліп, ғимараттардың үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар айналма тас жолы бойы жаяу жүргінші көпірі айналасын абаттандыру, жол қиылыстарын абаттандыру, Мәдени-рухани орталығына білім беру орталығы, Арбат ойын-сауық орталығы, ыстық су, Сауран қалашығын ашық аспан астындағы мұражай ретінде дамыту жобасы, Тұттыбұлақ, Ақмешіт үңгірін дамытудың жобасы, Екпінді, жол бойына орналасатын сервистік қызмет көрсету жобалары, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы елді мекеніне орналасатын жобалар, Арыстанбаб кесенесі және Отырар қалашығы маңын дамыту жобасы талқыланды.