Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛДАРДЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков Сарыағаш, Келес аудандарына іс-сапармен барды. Алдымен Сарыағаш ауданына қарасты Тың елді мекенінде орнатылған «Билайн» ұялы байланыс операторының орнатқан базалық станциясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде станциядағы интернет желісінің жылдамдығы 106 мбит/с құрайды. Сонымен қатар, аудандағы Сіргелі елді мекенінде «Кселл» ұялы байланыс операторының орнатқан базалық станциясымен танысты. Онда интернет желісінің жылдамдығы 30 мбит/с. Бұдан бөлек, Алғабас елді мекенінде орнатылған «Кселл», «Билайн» байланыс операторларының орнатқан базалық станцияларының жұмысы таныстырылды. Онда интернет желісінің жылдамдығы 100 мбит/с құрайды.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Келес ауданына қарасты Абай ауылында орнатылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейнебақылау камераларын орнату барысымен танысты. Одан бөлек, аудандағы «Кселл» және «Билайн» ұялы байланыс операторларының тарапынан орнатылған базалық станцияларға барып, интернет желісінің жылдамдығының артқанына көз жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі аудан-қалаларда жалпы бейнебақылау жүйесін арттыру жұмыстарын жүргізу негізінде биыл 200 дана бейнебақылау камерасын орнату жоспарлауда.