Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Көкшетаудағы №6 мектеп-лицейіндегі ұл балаларға арналған дәретханаға бейнебақылау камералары орнатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Білім бөлімінің басшыларының мәліметінше, бейнебақылау камералары қауіпсіздік үшін орнатылған екен. Олардың айтуынша, соңғы уақытта әжетханада төбелес, әлімжеттік көрсету жиілеген. Осы тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін бейнебақылау камераларын орнатуға мәжбүр болғанын айтты.
Камера тек дәретхананың дәлізін ғана түсіреді екен.
“Алдында баланың құқық бұзушылығына қатысты бірнеше оқиға болған. Қазіргі таңда біз видеоның бәрін қарап шыққан кезде камералар тек әжетхананың кіреберіс жағын, қол жуатын жерді, есікті түсіреді. Ал жеке кабинкалар бейнеге түспейді”, – дейді Көкшетау қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нажимеден Нұралин.