Bugin
Фото: Бәйдібек ауданы әкімдігі
Түркістан облысы Бәйдібек аудан
әкімі Ерлан Нұрмаханов әкімдік ғимаратында аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауда Шаян, Ақбастау, Алғабас, Боралдай және Мыңбұлақ ауылдық округтерінен келген тұрғындар аудан әкіміне өздерінің толғандырған мәселелерін айтып, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Жеке қабылдауда Ерлан Заипұлы әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдады. Тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегі, тұрғын үйге газ кіргізу, шаруашылықтың жер мәселесі, ұжымға тиесілі жер телімін бөліп беру, ағын су, жол, жарық мәселесі, ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру әлеуметтік көмек және басқа да жеке мәселелер айтылды.
Тұрғын үй кезегі, ауыл шаруашылғы мақсатындағы жерді беру, оны бөлу, әлеуметтік көмек мәселелері бойынша тиісті бөлім басшыларына жан-жақты талдау жүргізу тапсырылып, өтініш иелеріне заңдылығы түсіндірілді.
Әлеуметтік көмекті демеушілер арқылы ұйымдастыру, басқа да мәселелерді орындау бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдеріне тапсырма жүктеді.