Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысында әкімдер ауыл көшелерін жаяу аралады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан орталығы Абай ауылының көшелерін жаяу аралап, санитарлық жағдайын бағамдады. Кәсіпкерлік нысан иелерімен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады. Сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің ауласына арнайы кіріп, аула ахуалын көрді.
Аудан орталығындағы ішкі көшелерде қоқыс қалдықтарына қатысты бірнеше мәселенің барын байқады. Кейбір аулалардың қоқысқа көміліп жатқанын да баса айтты. Әрі ауыл әкіміне аудан орталығында тәртіп орнатуға тапсырма берді.
– Абай ауылын көгалдандырып, ғимараттардың орналасуын реттестіру бойынша қажетті шаралар атқарылуда. Кәсіпкерлік нысан иелері де бұл жағдайда қолдау көрсету қажет. Оларға мемлекет тарапынан тиісті көмектер көрсетіледі. Кәсіпкерлікті дамыту жолында бар мүмкіндігімізді іске саламыз, - деді аудан басшысы.
Аудан әкімі Жәнібек Есенұлы Абай ауылындағы бірқатар көшелерде, тұйықтарда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында болып, сала басшыларымен бірге тазалық мәселесін, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін қандай өзгерістер қажет екендігін зерделеп, тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі бұл істерге жеке кәсіпкерлер мен мекемелер де араласып, өз аумақтарын таза ұстауы қажеттігін айтып, тұрындардың ұсыныстарын ой-пікірлерін тыңдады. Әрі сала басшыларына анықталған кемшіліктерді тез арада ретке келтіруді тапсырды.