Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 16 ГА ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Түркістан облысы Келес ауданыдағы пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Келес ауданының орталығы Абай ауылының бас жоспарына сәйкес, ортақ пайдаланудағы саябақ және көп қабатты үйлер құрылысын жүргізу мақсатында 16,0 га жер учаскесі мемлекеттік меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Абай Молданов мәлімдеді. 

— Абай ауылының жалпы жер көлемі - 1723,70 га құрайды. Республикалық маңызы бар А-15 авто жолының бойынан ауданның жер қатынастары бөлімінің мамандарымен анықтау барысында 24 нысаналы мақсатына сай емес және заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген нысандар анықталды. Сонымен қатар, ортақ пайдаланудағы саябақ және көп қабатты үйлер құрылысын жүргізу мақсатында жер учаскесі иелерімен келіссөздер жүргізіліп, баламалы түрде жер беру жұмыстары жүргізілді, - деді Абай Молданов. 

Жиын барысында аудан аумағындағы ауыл және ауылдық округтерде абаттандыру, үй қасбеттерін ретке келтіру және санитарлық-тазалық жұмыстардың барысы туралы мәселе қаралып, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы баяндама жасады. Аппараттық мәжілісте қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, аудан әкімі тарапынан тиісті тапсырмалар жүктелді.