Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕЛЕС ХАЛЫҚТЫҚ ТЕАТРЫ БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Түркістан облысының Ордабасы ауданында «Театр – өмір айнасы» облыстық Халықтық және Үлгілі театрлар байқауы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үш күнге созылған байқау барысында 17 қойылым көпшілік назарына ұсынылып, аудан, қалалардан келген театрлар өзара бақ сынады. Әділ қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде «Келес» халық театрына бұйырды. 

Облыс деңгейінде ұйымдастырылған байқау жеңімпаздарын Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Нурланович Сариев қабылдап, театр ұжымын аудан әкімінің атынан марапаттады. 

— Ордабасы ауданында өткізілген Облыстық                      “Театр-өмір айнасы”  атты Халықтық және Үлгілі   театрлар байқауында «Бас жүлдеге» ие болғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.   Еліміздің өркендеп-өсуіне, ауданымыздың мәдениеті мен өнерін дәріптеп, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нәрін сыйлап халықты тамаша өнерлеріңізбенқуанта беріңіздер.                              Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын, - деді аудан әкімінің орынбасары Даурен Нұрланұлы. 

Айта кетейік, Ордабасы ауданында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – театрлардың репертуарында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін, патриоттық рухты оятатын жане заманауи шығармалардын орын алуына, сонымен қатар театрлардың өнерін насихаттау, бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттарын өткізу жане шығармашылық байланыстарды нығайтуға ыкпал ету.

Әділ қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде «Келес» халық театрына бұйырды. Жүлделі І орынды Шымкент қаласының «Думан» халықтық жастар театры, ІІ орынды «Темірлан» халық театры, «Сайрам» аудандық қазақ халық театры, Сарыағаш ауданы Халықтық драма ұжымы иеленді. Жүлделі ІІІ орынды Ордабасы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер Үлгілі театры, «Шардара» халық театры, «Асықата» халық театры, «Отырар» халық театрлары өзара бөлісті.