Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысы Келес ауданында бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Ергешов Бахадыр Рузимбайұлын еске алуға арналған бокстан ашық турнир басталды. Бұл спорттық іс-шара жас боксшыларды ынталандырып, олардың спорттық қабілеттерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Ергешов Бахадыр Рузимбайұлын еске алуға арналған 2012-2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнирі Қошқарата ауылдық округіндегі №25 Сәкен Сейфулин атындағы жалпы орта мектебінің базасында ұйымдастырылды. Шараға Қырғызстан Республикасынан, Түркістан облысының аудан, қалаларынан және Шымкент қаласы, Жамбыл облыстарынан келген 15 құрама бақ сынауда.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Даурен Ілесов, сондай-ақ Бахадыр Рузимбайұлының жұбайы Ергешова Махбуба қатысты. Сөз алған бөлім басшысы жас спортшыларға сәттілік тілеп, жарыстың салауатты өмір салтын ұстану мен спорттық жетістіктерге жетуде маңыздылығын атап өтті.
Жалпы 163 спортшы оқушылар турнир жеңімпазы болуға үмітті. Жарыс ағымдағы жылдың 17 қарашасында шымылдығын түрді. Финалдық кезең 21 қараша күні өтуі жоспарланған.