Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысы Келес ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мекеме, кәсіпорын қызметкерлерімен аудан тұрғындары, ерікті жастар белсене қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілікте төңіректер тазаланып, тал-дарақтар әктелді, арық-атыздар шабылды, мекеме-ұйым ғимараттары алдына көшеттер отырғызылды. Аудан орталығы Абай ауылынан басталған тазалық жұмыстары көшелердің шырайын арттыра түсті.
Ауыл – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі.