Bugin

Су тасқыны кезінде 300 млн теңге жымқырғандар анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Су тасқыны кезінде 200 жанұяны көшіруге бөлінген қаражат қолды болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, “Престиж Строй 7” және “Фундаменталь” ЖШС басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Олар 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған.

Бұл ақша 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген.

Оларға мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Екі күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға, қылмысқа үшінші серіктес үйқамаққа алынды.