Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: freepik.com
Ұлытау облысында қалыңдығын өлтірген жігіт 16 жылға сотталды. Ер адам жазамен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жігіт қызға заңды түрде үйленбей тұрып, оны ұрып-соққан. Бойжеткен ата-анасына хабарласып, көмек сұраған. Қыздың ата-анасы қызды алып кетуге келгенде, жігіт көлікпен қуған. Кейін қыз отырған көліктің терезесін сындырып, өз көлігімен қайта-қайта соққан. Соңында көлік аударылып, 28 жастағы келіншек оқиға орнында көз жұмды.
Сондықтан тергеушілер бұл фактіні "Жол ережелерін бұзу фактісі" деген баптан "Адам өлтіру" және "Адам өлтіруге оқталу" баптарына ауыстырған.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61