Bugin
Фото: freepik.com
Қаскелеңде жүргізуші рульге ие бола алмай, ағашқа соғылды. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
“25 қарашада "Алматы-Бішкек" тасжолының 29-шақырымында келе жатқан Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, ағашқа соғылды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері.
Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты. Түрлі жарақат алған тағы үш адам аудандық ауруханаға жатқызылды.