Bugin
Фото: freepik.com
Қарағандыда Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотЫ Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан Бас прокуратурасының хабарламасына сәйкес, қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Сотталған азамат "әділет майоры" арнайы шенінен айырылды.
Сотқа дейінгі тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.