Bugin

Елімізде кімдерге арнайы төлем тағайындалды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ұзақ уақыт зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген 12 835 азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Зейнеткерлік жасқа дейін берілетін төлем түрін 55 жасқа толған және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы жарнасын аударған азаматтар ала алады. 

Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері зейнетақы қорындағы жинақтарына байланысты болады. Әлеуметтік кодекске сәйкес, арнайы әлеуметтік төлем экономиканың 17 саласы бойынша беріледі.