Bugin
Maqsut Narikbayev University студенттері 1 курс студенттерін қабылдау кеші аясында сахнада 25 метрлік "Таза Қазақстан" туын желбіретіп, ерекше акция өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен іс-шараға 5000-нан астам қатысушы жиналды.
"Экология - бұл жай ғана сән тренді емес, бұл - біздің бүгініміз және болашағымыз. Экологиялық бастамаларды қолдай отырып, біз әрекет етуге дайын екенімізді көрсетеміз. Біз қарапайым дағдыдан бастай аламыз: қоқыс тастамау, сенбіліктерге қатысу, достарыңыз бен жақындарыңыз арасында экологиялық хабардарлықты насихаттау", - деп атап өтті акцияға қатысушылардың бірі, бірінші курс студенті.
Астанада "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" акциясы жалғасуда.
Экоакция шеңберінде шаһарда қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.