Bugin
Фото: freepik.com
Қоқыстағы кәмпитті жеген балалар ауруханаға түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы massaget-ке кілтеме жасап.
Оқиға Шу ауданында болған. 7 сынып оқушысы қоқыстан тапқан кәмпитін сыныптастарына бөліп берген.
"12 жастағы 7-сынып оқушысы мектептегі сыныптастарына Искра ауылындағы қоқыс полигонынан бір қап BEN 10 кәмпиттері мен бөтелкедегі тәтті спрей тауып алған. Артынша балалар тәттілерден уланған. Өнімдер тәркіленіп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазір мектеп оқушыларының жағдайы тұрақты деп бағаланды", - делінген хабарламада.