Bugin
Фото: freepik.com
Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас күйде ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақсу қаласының Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас күйде басқанған. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Енді әдеп жөніндегі кеңестік шешіміне сәйкес әкім қызметін босатуы мүмкін.
Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға өткен жылдың желтоқсан айында келген.