Bugin

Түрін терезеден көріп қалған жігіт оны сындырып тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

“Аманат” партиясы кеңсесінің әйнегінен өзін көрген қостанайлық, бет-әлпетін ұнатпай оны сындырып тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Полицияның мәліметінше, ер адам масаң күйде болған. Қоғамдық орында бұзақылық көрсеткен адам бейнебақылау камералары көмегімен табылды. және көшедегі бейнебақылау камераларын пайдаланып ыстық ізімен ұсталды. Оның айтуынша, айнадағы бет-әлпеті өзіне ұнамай қалыпты. 

Ер адам "Аманат" кеңсесіне келтірілген залал үшін 80 мың теңге төледі. Әкімшілік айыппұл сомасы 185 мың теңгені құрады.