Bugin
Видеодан алынған скриншот
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Жетісай қаласында жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Кішкентай баланың 7 жаста екені белгілі болды. Ол әкесімен бірге тұрады. Құжаты болмағандықтан мектепке бармайды екен.
Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті екі баланың да уақытша тұру үшін мамандандырылған мекемеге орналастырылғанын хабарлады.
Журналист Гүлмира Әбіқай баланың анасы жоқ екенін жазды.