Bugin

“Әдейі жасады”: Шерзаттың ата-анасы қайғылы күнді еске алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ата-анасы Airan YouTube арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Шерзаттың ата-анасы мен бауырлары үйіне қайтпаған. Дүкенді де жауып тастапты. Олар ата-анасының үйінде тұрып жатыр екен. Сонымен қатар Шерзаттың әкесі Қаржаубай ешкімнен көмек сұрамағанын, ақша жинамағанын алға тартты.

Қайғылы оқиға болғаннан кейін әлдекімдер Шерзаттың әкесін қорқытқан. Бірақ қазір бәрінің тынышталғанын айтады. 

"Шерзатымызды күнде еске аламыз. Оның өлімі бізге ауыр тиді. Ұлым еркін, ержүрек, мейірімді бала еді. Барлығына көмектесуге тырысатын. Ол ақкөңіл еді. Менің сөзімді жерге қалдырмайтын”, – дейді Шерзаттың анасы.

Ол баласын өлтіргендердің жан-жағына назар да салмағанын айтты. Шерзаттың анасы баласын қорғап, оны өлтірмеулерін сұраған.


"Көздерінде қатігездік бар еді. Олар әдейі жасады, бәрібір еді. Қазір олардың аналары сол оқиға орнында болғандай айтып жатыр. Балаларының қандай екенін білмей тұра, бізді кінәлап жатыр. Мен кінәлілердің өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын қалаймын”, – дейді Шерзаттың анасы.


Отбасының адвокаттары бірнеше іс бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.