Bugin

Астанада полицей қыз зорлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астанада полиция қызметкері қыз зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Астанада Ақмола облысының полиция қызметкері 21 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.

21 қараша күні қыз полицияға арыз түсірді.  Осы фактіге байланысты Ақмола облысының Бурабай аудандық полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты 1999 жылы туған Д.А.Шайғұлақов анықталды. Полиция қызметкері үйленген, билікте 2022 жылдан бері жұмыс істейді.

Астана қаласы мен Ақмола облысының полиция департаменті осы іске қатысты пікір білдірді.

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бұрынғы полиция қызметкері болған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Теріс себептермен полиция бөлімшесінен босатылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды”, - делінген хабарламада.