Bugin
Фото: Инстаграм @inga_imanbay
Алматы облысы Қарасай ауданында 34 жастағы Алпамыс Қамарды 13 жыл бойы күйеуі соққыға жығып келген. Олардың ортақ үш қызы бар, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Заңгер Инга Иманбай келіншектің тісінің орнында протезі ғана қалғанын айтады. Некенің 13 жылында күйеуі оның барлық тістерін қағып қана қоймаған. Оның сау мүшесі қалмады деп айтуға болады екен. Қабырғалары сынған, кейбір ішкі органдар мен ішектің бір бөлігі толығымен алынып тасталған.
Қамарды күйеуі 8 ай бұрын да аяусыз соққыға жыққан. Ол оның қолын сындырған. Құқық қорғаушы ер адам келесі жолы әйелін өлтіруден тайынбайтынын алға тартты.
Келіншек Алматы облысы Қарасай ауданының полициясына арыз жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бірақ содан бері мәселе қайта қаралмаған.
Үш баласы бар әйел пәтер кезіп жүрсе, күйеуі Қамар салған үйде ата-анасымен тұрып жатыр екен.