Bugin

2025 жылы балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ұлттық банк басшылығы бүгінгі өткен брифингте қазақстандық балалар 2025 жылы Ұлттық қордан қанша ақша ала алатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Операциялық деректерге сәйкес, Ұлттық банк Ұлттық қорды басқарудан 10 айда 5,3 млрд доллар табыс тапты. Оны екіге бөлсеңіз, 2,6-2,7 миллиард доллар болып шығады. Бірақ біз оның орташа есебін шығарамыз, онда басқа сома. Азырақ болады", - деді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов.

Төраға орынбасары Әлия Молдабекова 2025 жылы балалардың шотына қанша түсетінін айтты.

''Олар қаңтарда, қаңтардың басында есептеледі. Естеріңізде болса, жыл басында әр балаға шамамен 100 доллардан есептегенбіз. Бірақ бұл балалардың санына байланысты болады. Бізде 2023-2024 жылдарда инвестициялық кіріс тұрғысынан жақсы болды, сондықтан әріптесім айтқан жылжымалы орташа көрсеткіш өсіп келеді. Іс жүзінде келесі жылдың қаңтарында бұл сома 100 доллардан асуы мүмкін", - дейді ол.