Bugin

Алматыдағы жол апатынан кейін белгілі продюсерге сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алмалы аудандық соты Алматыда болған  атышулы автобус апатына кінәлі Әнел Сартаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға биыл жазда болған. Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды. Сот продюсердің жазасын кейінге қалдырды. Сот сәбидің жағдайын ескеріп, бала 3 жас 9 айға толғанша жазаны кейінге шегерді.

Сот үкімімен Сартаева ҚК 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды және оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды.