Bugin
Фото: freepik.com
Қызылорда облысында туған ағасы қарындасын 2-сыныбынан бастап зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Қызылорда облысында туған ағасы өз қарындасын 2-сыныптан бастап 15 жасқа дейін зорлаған. Кейін қылмыстық іс қысқартылып қалды. Себебі “қыздың табиғатынан қыздық пердесі жоқ”деген сараптама жасалған! Қызға туыстарынан, анасынан, бәрінен тергеу кезінде қысым көрсетілген. 15 жасар қыз әділдікке жеткен жоқ”, - деп жазды құқық қорғаушы.
Ләззат Рақышева әділдікке жету үшін резонанс болу керектігін, сонда ғана құзырлы органдар іске көшетінін айтты.