Bugin

Қаза болғандар бар: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Алматы облысында сенбі күні үш көлік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жол апаты Жамбыл ауданында, Алматы - Бесмойнақ тасжолының 77-шақырымында болған. Үш көлік соқтығыстып, салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алды.

"Mercedes Benz 280 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Focus автокөлігімен, содан кейін инерция бойынша ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты. Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Түрлі жарақат алған екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.