Bugin
Фото: freepik.com
Анталияда жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,8 болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәліметтерге сүйенсек, жер сілкінісін Газипаша ауданы мен Лиман, Алтынқұм және Аланьядағы тұрғындар сезген.
AFAD мәліметтері бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 22:13-тен 23:32-ге дейін бірнеше жерасты дүмпулері тіркелген. Олардың ішінде 4,8 балдық алғашқы жер сілкінісі басқаларына қарағанда қатты сезілген. Жергілікті БАҚ жер сілкінісі кезінде азаматтар мен қонақүй қонақтары сыртқа жүгіргенін жазды.
Анталия әкімшілігінің басшысы Мухитдин Бечек жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол ештеңе қирамағанын және зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.