Bugin
Фото: okna-kz.com
Балалар омбудсмені Динара Закиева 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің бақылауынсыз жалғыз қалдыруға заңмен тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол бұл бастамасын Ақмола облысындаға өрттен болған қайғылы жағдаймен байланыстырды.
Оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалар өліміне әкелген 15 өрт оқиғасы тіркелген. Оның көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған.
"Осы оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа толмаған балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу жөніндегі заңнамалық шараларды қарастыру қажет деп санаймын. Әрине, қолдауға мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан көмек бағдарламаларымен қамтамасыз ету маңызды", - деді Динара Закиева.
Еске салайық, Ақмола облысында өрттен 2 бала мерт болғанын хабарлаған едік.