Weekend

Әлемдегі ең кедей мемлекет

Тувалу елі жайлы естідіңіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тувалу – Полинезиядағы кішкентай мемлекет. Бұл мемлекет Тынық мұхитындағы үш риф аралдарынан және алты коралл атолдан тұрады. Сонымен бірге, жалпы аумағы 26 шаршы километрді құрайды, ал аралдар бір-бірінен – 67-ден 172 шақырымға дейін аралықта орналасқан. 

Бұл кішігірім мемлекетте шамамен 10 мың адамнан тұрады, олардың 94%-ы Тувалудың байырғы тұрғындарының өкілдері.  Бірнеше жүз адам – Тувалу мен басқа ұлттар арасындағы некеге тұрудың ұрпағы болып саналады. Шетелдіктер саны небары  – 200. Егер планетамызда жаһандық жылыну орын алса, Тувалу оның алғашқы құрбаны болады. Өйткені аралдың – ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 5 метр ғана биіктікте орналасқан. Сондықтан Тувалу өкілдері барлық халықаралық климаттық форумдарда сөзсіз қатысушылардың бірі болып саналады.

Бұл аралдарға ең құнды не екенін  білесіз бе?  Ол – тұщы су. Өйткені мұнда тұщы су өзендері жоқ. Сондықтан тұрғындар жаңбыр суын жинап, оны арнайы ыдыстарға сақтауы тиіс.  Бұрын Тувалуда құдықтар болған, бірақ олардың бәрі ағынды сумен ластанған. Қоқыс шығарумен байланысты мәселе де бар. Оны шығаруатын жер жоқ. Яғни  қалдықтар сол жердің өзінде жиналады.

Тувалуда қарулы күштер мүлдем жоқ, бірақ  полиция бар. Дегенмен елдегі қылмыстық ахуал тым күрделі екен. Жыл  сайын 2000-нан астам қылмыс тіркеледі екен.  Жан басына шаққандағы ЖІӨ шамамен 1600 АҚШ долларын құрайды, Тувалу – әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Бір қызығы, жергілікті доллар тек монеталар түрінде ғана бар, ал австралиялық доллар бұрынғыдай банкноттар ретінде пайдаланылады.

Елдің туризмнен жақсы табыс алуы мүмкін деп есептеледі, бірақ осы алыс мемлекетке барғысы келетіндер саны жылына мыңға жуық ғана болады.Себеп - тиісті деңгейдегі қонақ үйлер болмауы мен. авиабилеттердің қымбат екендігі. Айтпақшы, Тувалуда бір халықаралық әуежай бар.  Ол Фуфафути атоллында орналасқан болып, елдегі  ұшу-қону жолағымен жабдықталған  жалғыз орын. Бірақ мұнда почта маркалары туралы мәселе жақсы шешілген. Филателия материалын сатудан түсетін табыс мемлекеттік бюджеттің 20 пайызын құрайды. Тувалу спортшыларына келер болсақ, Жазғы Олимпиадаға бірнеше спортшы қатысқанына қарамастан, жақсы нәтиже  көрсете алмады. Мұнда тіпті ұлттық футбол командасы бар. Алайда олар әлі күнге ФИФА-ға кіре алмай жүр.

1972 жылы Бебе циклоны Тувалуға үлкен қасірет әкелді: барлық тұрғын үйлер мен ағаштар бұзылған болатын. Бұл мемлекетке  айтарлықтай шығын алып келді.