Bugin
Фото: инстаграм @abiba48
Әбиба Әбужақынова Qazaqstan телеарнасының "Әйел әлемі" бағдарламасында сұхбат берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сұхбат барысында отандық спортшы тұрмыс құру жоспарында жоқ екенін айтты. Әбибаның айтуынша, моральдық-психологиялық тұрғыдан ол әлі күнге дейін Олимпиада ойынындағы сәтсіздігінен қынжылады.
"40-қа келсем де, 50-де болсам да Париж Олимпиадасындағы жеңілістің ащы дәмін ұмытпаймын. Бала кезімнен спортшы болу үшін көп нәрседен бас тарттым. Отбасылық мерекелер, той-жиындар бәрі менсіз өтті. Сондықтан менің қазіргі басты міндетім — келесі Олимпиада ойындарына ден қою",- деді спортшы.
Спортшы отбасыдан бұрын спортты жоғары орынға қоятынын жасырмады.
"Әйел адамның бақыты отбасында екенін білемін, бірақ мен алдымен спорттағы арманымды орындауым керек. Олимпиала медалінсіз тұрмысқа шықпаймын", — деп түйіндеді дзюдошы.
Әбиба жеңістерінің қатарына Олимпиада медалі жетіспей тұрғанын айтты.