Bugin

Түркістан облысында ұлттық ойындар дәріптелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жетісай ауданы әкімдігі

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласында орналасқан "Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия"  КММ-де күнделікті үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында "Ұлттық ойын - Ұлт қазынасы" тақырыбында  ұлттық ойындардан іс-шаралар ұйымдастырылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық мұраны танып, ұлттық ойындар арқылы дене шынықтыруын арттыру, командалық жұмыс пен ынтымақтастық дағдыларын дамыту, сондай-ақ, мәдени құндылықтарға деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру.

Ұлттық ойындар:

Асық ойыны – Қазақтың дәстүрлі ойындарының бірі болып табылатын асық ойыны балалардың ептілігі мен шапшаңдығын дамытады. Бұл ойын жастары мен денсаулық жағдайына қарамастан, балалардың назарын шоғырландыруға және ұтқырлықты үйретуге мүмкіндік береді. Ойын барысында білім алушылар топтасып, асықтарды ауыстырып, жеңіске жетуге тырысады, бұл өз кезегінде ұйымшылдықты арттырады.

Тоғызқұмалақ – Бұл ойын ойлау қабілетін және логиканы дамытуға ықпал етеді. Тоғызқұмалақ ойынына қатысу арқылы оқушылар математикалық ойлау жүйесін жетілдіріп, стратегия құруды үйренеді. Ойын барысында әр қатысушының жауапкершілігі мен зейіні тексеріледі, әрі ойын нәтижесінде олардың табандылығы мен әділеттілікке деген көзқарасы қалыптасады.

Бестас – Бестас ойынының басты ерекшелігі – балалардың ұтқырлық пен дәлдікке дағдылануы. Бестас ойынын ойнау арқылы балалардың физикалық белсенділігі мен ептіліктері дамиды. Ойын барысында оқушылар зейінін, көңілін шоғырландырып, өзара әрекеттесуді және топтық жұмысты үйренеді.

Ұлттық ойындарды үзіліс кезінде өткізу – білім алушыларға өз халқымыздың дәстүрлерін танып-білуге, денсаулығын жақсартуға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге мүмкіндік береді. Бұл ойындар оқушылардың көңілін көтеріп, олардың ынтымақтастық пен ұйымшылдық дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.