Bugin

3-5 желтоқсан күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктердің 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптасады. Бұл ауа-райының тұрақсыз болуына әсер етеді.

Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін.

Республика бойынша тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.