Bugin
Фото: freepik.com
Павлодар колониясында сотталған адам екі бейнебақылау камерасын сындырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Құқық бұзушылыққа байланысты ер адамның қамау мерзімі ұзартылды. Бұл жағдай сотталғанның жазасын өтеп жатқан №45 мекемеде болған.
"Белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында ол екі камераға қасақана зақым келтірді, – деді қадағалау органы. Ер адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бейнебақылау жүйесіне қасақана зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, - делінген хабарламада.