Bugin
Фото: freepik.com
Ресейде қазақ тілді мектептер ашылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, нақты қалалар анықталды. Ендігі кезекте мектеп салынатын жер белгіленеді екен. Құрылыс жұмыстары қашан жүргізілетіні алдағы уақытта белгілі болады.
“Біздің қазақ бауырларымыз көп шоғырланған жерлерге басымдық беріледі”, - деді оқу-ағарту министрі.
Қазақстан Ресейдің Орынбор, Омбы және Астрахань қалаларында мектеп ашуға мүдделі.