Bugin

Шымкентте 34 жастағы келіншек 10-баласын босанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шымкентте 34 жастағы Азиза Әлиева оныншы рет ана атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Зубаир есімі берілген баланың салмағы 4900 грамм болған. Сәби 38-аптасында дүниеге келді.

“Жүктілік жақсы өтті, бала өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлерге рақмет. Уақытылы тексереді. Бала күтімі жоғары деңгейде", - деді Азиза Әлиева. 

Көп балалы ананың бұл он төртінші жүктілігі. Үйде Азиза мен жаңа туған нәрестені бес ұлы мен төрт қызы асыға күтіп отыр. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайын тұрақты екенін айтты.